30 қаңтар 2016 | 09:35

Алматы облысындағы тікұшақ апатына қатысты жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы облысында бес адам қаза тапқан тікұшақ апатына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы "Хабар" телеарнасына ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында бес адам қаза тапқан тікұшақ апатына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы "Хабар" телеарнасына ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко хабарлады.

"Апатқа себеп болған фактордың бірі - қолайсыз ауа райы. Айнала тұман, ештеңе көрінбеген. Содан тікұшақ барып ағашқа соғылып, оқыс жағдайға ұшыраған. Бұлай деп нақты айтудың өзі әзірге біржақты болып есептеледі. Барлық жағдайды комиссия анықтайды. Жедел тергеу тобы әлі жұмыс істеп жатыр. Біз бүгін ол жаққа 50 адам жібердік. Олар егжей-текжейлі тексеріп барып, нақты қорытынды жасайды", - деді Божко Талдықорғанда өткен жиыннан кейін.

Шенеуніктің айтуынша, апат себептерін анықтау мақсатында екі комиссия құрылды. Біріншісі оқыс оқиғаның себеп-салдарын анықтаумен, екінші комиссия қайтыс болған адамдардың отбасына өтемақы төлеу мәселесімен айналысып жатыр.

Еске салайық, 27 қаңтарда Талдықорған маңында ішінде бес адам болған тікұшақ апатқа ұшырады. Ішінде болғандардың барлығы қаза тапты. "Аспан" компаниясына тиесілі UP-MD 600-N тікұшағы Үшаралдан облыстық ауруханаға екі айлық нәрестені жеткізбекші болған. Қайтар жолда тікұшақ жоғалып кетті.

Әуе апатынан 45 жастағы пилот Виталий Кондратюк, 52 жастағы дәрігер-гематолог Бақытгүл Қайсанова, 23 жастағы фельдшер Гүлнұр Хамитова, анасы мен қызы - К. Әбілқасым (1989 жылғы) және Б. Әбілқасым (2015 жылғы) қаза тапты.


Виталий Кондратюк тәжірибелі пилот болған.


Оның артында қарт анасы, әйелі мен екі баласы қалды.


Бақытгүл Қайсанова аймақтағы жалғыз дәрігер-гематолог болған. © ktk.kz


23 жастағы фельдшер Гүлнұр Хамитова тұрмысқа шыққалы жүр екен. © ktk.kz


© ktk.kz


Қыркүйек айында ол медициналық жоғары оқу орнына түсуді жоспарлапты. © ktk.kz

КТК телеарнасының мәліметінше, Бақытгүл Қайсанова аймақтағы жалғыз дәрігер-гематолог болыпты. Осы салада 13 жыл қызмет еткен ол қызға көмектесу үшін Үшаралға өзі баруды жөн көрген.

Ал Гүлнұр Хамитова фельдшерлік қызметке бір жарым жыл бұрын қабылданған. Қыркүйекте ол медициналық университетке түсуді жоспарлапты. Тіпті тұрмысқа шығуды армандап, барлығын тойына шақытып та қойған. Жұмысының ауыр болғанына қарамастан ол үнемі күліп жүреді екен.

Пилот Виталий Кондратюктің артында қарт анасы, әйелі мен екі ұлы қалды. Жұма күні оның денесі туған жері - Жамбыл облысына жеткізілді. Ол бүгін, сенбіде жерленеді.

Дереккөз КТК

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети