Алматы облысында пойызбен болған төтенше жағдай бойынша істі Бас көлік прокуратурасы өз қолына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысында пойызбен болған төтенше жағдай бойынша істі Бас көлік прокуратурасы өз қолына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін, 15 қыркүйекте Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде жолаушылар автобусы Алматы-Қостанай бағытындағы пойызбен соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам қаза тауып, төрт адам әртүрлі жарақат алған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлімі және 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Жедел тергеу тобы құрылды. Істі Бас көлік прокуратурасы өз қолына алды", - деп хабарлайды мекеме өкілдері.
Еске салайық, төтенше жағдай "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. Автобус жүргізушісі дабылға қарамастан теміржолға өтіп кеткен. Нәтижесінде автобус пойызбен соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, үш адам зардап шеккен. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.