17 маусым 2015 10:50

Алматы облысының әкімі 2014 жылы 18 миллион теңгеден астам табыс тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kazpravda.kz © Kazpravda.kz

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 2014 жылғы кірісін жариялады. Аймақ басшысы өткен жылы 18,778 миллион теңге табыс тапқан. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының "Өзіңнен баста" республикалық акциясы аясында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 2014 жылғы кірісін жариялады. Аймақ басшысы өткен жылы 18,778 миллион теңге табыс тапқан. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының "Өзіңнен баста" республикалық акциясы аясында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев 2014 жылдың қыркүйегінен бері 5,44 миллион теңге табыс тапқан. Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров өткен жылы 13,814 миллион теңге тапты. Әкімнің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов есеп кезеңінде 4,983 миллион теңге табыс тапты. Ол бұл қызметті 2014 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді. 

Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтің кірісі 13,530 миллион теңге болды. 2014 жылдың қарашасынан бері әкімнің орынбасры қызметін атқарып келе жатқан Бахтияр Өнербаев 2,56 миллион теңге табыс тапқан. "Өзіңнен баста" акциясы жақын арада облыстық мемлекеттің құрылымдардың басшыларының арасында да жүргізіледі.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың наурызында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа жүйесін енгізген болатын. "Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыстарының нәтижесіне қарай жалақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу қажет. Жақсы жұмыс істесе - жыл соңында қосымша ақша төленсін, жұмыс істемесе - жалақысы төмендетілсін. Жаңа өлшемдер енгізудің қажеті жоқ. Мемлекеттік қызметкердің әдебін бұзып, сыбайлас-жемқорлықпен айналысса, жұмыстан кетсін", - деді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVI Съездінде.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети