Алматы облысының әкімі өңірдің бөлінуіне қатысты пікір білдірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының әкімі өңірдің бөлінуіне қатысты пікір білдірді Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңірдің Алматы және Жетісу облыстарына бөлінуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңірдің Алматы және Жетісу облыстарына бөлінуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер әкімнен екі облыстың бюджеті қалай бөлінетіні туралы сұрады.

"Бөлу комиссиясы болуы мүмкін, облыста құрылған шекараларда басшылар тағайындалады, әдетте осылай жасалады. Бүгін Мемлекет басшысы бірінші жартыжылдықтың аяғында барлығы бітетінін, одан да тезірек болуы мүмкін екенін айтты", - деп жауап берді Бозымбаев.

Бозымбаев өңірдің бөлінуі өзі үшін де жаңалық болғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл аймақты басқару тұрғысынан оңайырақ болады.

"Президент өңір екі бөлікке бөлінсе, басқару тұрғысынан ыңғайлы болатынын нақты айтты. Агломерация үлкен роль атқарады, ол жақсы ұйымдастырылмаған. Бүгінде Алматы облысының аумағында 215 мың адам бау-бақша алқаптарында, саяжайларда тұрады. Шын мәнінде, оларда қарапайым коммуналды қызметтер жоқ. Болған күннің өзінде қымбат және т.б. Шын мәнінде, бұл жұмысты жүргізу керек, ол инвестицияны қажет етеді. Тәртіп орнату керек. Бас жоспарды өзгерту қажет. Бұл - үлкен жұмыс", - деп жауап берді ол.

Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі лауазымында қала ма деген сұраққа жауап берді.

"Мен мұны шешпеймін. Жалпы, қаламын ба, жоқ па, оны да шешпеймін", - деді әкім.

Өңір әкімі Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгертуді қолдайтынын да мәлімдеді.

"Дінмұхамед Ахметұлының кезінде бұл қаланың негізі қаланып, салынды. Оны жеке өзім қолдаймын. Бұл қала ата-бабаларым ғасырлар бойы өмір сүрген аумақта орналасқан, сондықтан оны қолдаймын. Бұл жерді қастерлеймін. Менің ойымша, Димаш Ахметұлының есімі Алматы облысы тұрғындарының есінде жақсы сақталған", - деді Қанат Бозымбаев.

Бозымбаев өңірді бөлу үшін қосымша қаражат бөлу қажет емес екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети