07 ақпан 2015 | 17:48

Алматы облысының әкімі Талдықорғанның орталығынан қоқыс тауып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоны Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынды Фотоны Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорғанның орталығында үйіліп жатқан қоқысты көріп қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкім бүгін, 7 ақпан күні көрнекі үгіт материалдарын көру және облыс орталығын көріктендіру мәселелерін шешу мақсатымен қаланы аралап шыққан. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорғанның орталығында үйіліп жатқан қоқысты көріп қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкім бүгін, 7 ақпан күні көрнекі үгіт материалдарын көру және облыс орталығын көріктендіру мәселелерін шешу мақсатымен қаланы аралап шыққан. 

Тексеру барысында Талдықорғандағы Шевченко және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында аялдаманың артына тұрмыс қалдықтарының тау боп үйілгені анықталды. Амандық Баталов қала әкімінің орынбасарларына санитарлық жағдайды қадағалауды және аялдамадағы тозған металл орындықты тұрғындарға қолайлы ағаш орындықпен жаңартуды тапсырды.

"Өздеріңіз қаланың кейбір жерлерінде санитарлық жағдайдың ешқандай талапқа сай келмейтінін көрдіңіздер. Олай болмайды. Көшелердің санитарлық жағдайына күн сайын бақылау жүргізілуі керек. Тазалық пен тәртіп талабын ескермеуге болмайды. Бұл - сіздердің негізгі міндеттеріңіздің бірі. Аталған аумақ пен бүкіл қаланың санитарлық тазалығы бойынша шұғыл шараларды қолға алыңыздар", - деді Баталов. 

Жергілікті билік өкілдерінің пікірінше, қаладағы билбордтар мен басқа да үгіт материалдары қазіргі заманғы талаптарға сай емес. Көшелер мен ғимараттардың сыртына орналасатын көрнекі ақпараттар қаланың сыртқы келбетімен жарасым тауып, эстетикалық жағынан толықтырып, көркейтіп тұруы тиіс. Билборд материалдарындағы мәтін дұрыс оқылуы керек. 

Амандық Баталовтың жұмыс шолуы барысында екіжақты билбордтардың бір жағында ақпараты бар, екінші жағы бос екені анықталды. Баннерлердің көбіндегі материалдардың өзектілігі жойылған, бояуы көмескіленген. Сол себепті қаланың сыртқы келбетіне нұқсанын келтіріп тұр. Облыс әкімі "Арбат" алаңындағы безендірулерді де сынға алды. Бұл жерде түнгі жарықшамдар істен шыққан, жарық бағандары мен орындықтар сынып жатыр. 

Қала аумағына жасалған жұмыс сапарынан соң Баталов Талдықорған әкімінің орынбасарларына, қаланың бас сәулетшісіне және тиісті басқармалар жетекшілеріне көрнекі материалдарды орнату мен олардың дизайны, қолайлы жерлерге қазіргі заманғы электронды таблоларды қондыру, қаланың көріктендірілуі мен санитарлық тазалығына қатысты барлық ескертпелерді жою мәселелері жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды. "Мен бүгін әлеуметтік және коммерциялық билбордтарға ерекше назар аудардым. Өйткені олар қаланың сыртқы келбетін қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Билбордтарда осы жылдың мерейтойлық шаралары туралы ақпараттар орналасуы керек. Оған қоса, әлеуметтік және коммерциялық билбордтар тиісті нормалар мен талаптарға сәйкес келуі қажет. Тамаша қаламыздың сәнін бірлесіп келтіру үшін билбордтарға түрлі материал орналастырушылар олардың өзектілігіне, қазіргі заманға сай келетініне, эстетикалық жағына мән беруі тиіс", - деді Алматы облысының әкімі. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети