Алматы облысының әкімі Талғардағы “Хутор“ қылмыстық тобы туралы қауесетке жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының әкімі Талғардағы “Хутор“ қылмыстық тобы туралы қауесетке жауап берді Midjourney

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобы туралы журналистердің сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобы туралы журналистердің сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингте журналистер Шерзат Болаттың өлімінен кейін көпшілік арасында айтылып жүрген "Хутор" деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топ туралы сұрақ қойды. Сұлтанғазиев құқық қорғау органдарына сілтеме жасап, бұл өңірде мұндай ҰҚТ бар екенін растайтын мәлімет жоқ екенін айтты.

"Қылмыстық жағдай бойынша: құқық қорғау органдары өз жауаптарын берді, олардың пікірі бар. Шын мәнінде, ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) белгілі бір нақты мақсаттары бар тұрақты топтың болуы, бірақ құқық қорғау органдары мұндай топтың жоқ екенін айтты. Өңір әкімі, осы өңірдің тұрғыны және мұнда өскен адам ретінде мен де айта аламын: заңда берілген анықтама бойынша мұндай ұйымдасқан қылмыстық топ жоқ. Мұны құқық қорғау органдары растайды", – деді әкім.

Бұған дейін Талғарда"Хутор" ҰҚТ-ның басшысы деп аталған Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети