ПОДЕЛИТЬСЯ
26 сәуір 2022 | 11:57
Алматы облысының бейресми жетекшілері болған - әкім Бозымбаев
Алматы облысында бейресми жетекшілер болған. Олар қазір өңірді басқармайды. Бұл туралы облыс әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір басшысы қаңтар оқиғасын еске алып, қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушылар бір-бірімен байланысын үзбей, бірлесе жұмыс істегенін атап өтті.
"Гибрид тәсіл болды - халықтың наразылығын пайдалану. Қанағаттанбайтын нәрсе, нақты алғышарттар болды: белгілі бір дәрежеде жастар арасындағы жұмыссыздық және басқалары. Бізде Алматы облысының өз ерекшеліктері бар - оны тек әкімдер, әкімдік және құқық қорғау органдары басқармайды. Онда бейресми жетекшілер болған. Бақытымызға қарай, қазір олар басқармайды", - деп бөлісті Қанат Бозымбаев.
Еске салайық, бұған дейін өңір әкімі Қанат Бозымбаев сұхбатында ПД-ның бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде Талдықорғаннан ауылына кетіп қалғанын айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также