26 сәуір 2022 11:30

Генерал Күдебаев жаппай тәртіпсіздік кезінде ауылына кетіп қалған - Бозымбаев

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Полиция басшысы Серік Күдебаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Талдықорғаннан ауылына кетіп қалған. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция басшысы Серік Күдебаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Талдықорғаннан ауылына кетіп қалған. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір әкімі 5 қаңтарда Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев комендант болғанын, ол облыс әкімдігі ғимаратындағы жағдайды бақылауда ұстай алмағанын атап өтті. Әкімдік, облыстық Полиция департаменті мен қалалық әкімдік ғимараты басып алынған.

"Соңында азаматтық билік олармен (бүлікшілермен - еск.) жеке қалды. Мен ІІД (Полиция департаменті - еск.) басшысын іздедім. Оны таңға таяу Талдықорғаннан 300 шақырым жерден таптым. Ол Қаскелеңнің маңындағы туған ауылына кетіп қалған. Мен: "Неге кетіп қалдың?" дегенімде. "Басым жарылды, аяғым ауырады, отбасымды алып кеттім" деп жауап берді", - деді Қанат Бозымбаев.

25 қаңтарда ішкі істер министрі бұған дейін Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаевты қызметінен босатқаны хабарланған болатын. Кейін Ішкі істер министрлігі Күдебаев өз өтініші бойынша қызметінен кетіп, ішкі органдардағы қызметінен босатылғанын түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети