25 сәуір 2022 09:47

ІІМ басшысы генерал Серік Күдебаевты қызметінен босатты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция генерал-майоры Серік Күдебаев Полиция генерал-майоры Серік Күдебаев

Ішкі істер министрі бұған дейін Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаевты қызметінен босатты. Бұл туралы Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында Ішкі істер министрлігі хабарлады.


Ішкі істер министрі бұған дейін Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаевты қызметінен босатты. Бұл туралы Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Сәуірдің басында әлеуметтік желілерде Күдебаевтың қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық іске қатысы бар деген ақпарат тараған болатын. Бұған Бас прокуратураның Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының ҰҚК және Полиция департаменттері ғимараты және Алматы әуежайының қараусыз қалуына қатысты тексеру жариялағаны туралы мәлімдемесі себеп болған. Ведомство басшылары күдікті деп танылғаны айтылды.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы Серік Күдебаев туралы білу үшін Ішкі істер министрлігіне жүгінді. Қазір қайда, ішкі істер органдарында қызмет ете ме, қандай қызметте деген сауалға ведомство генерал ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлады.

"Ішкі істер министрлігі бұйрығы бойынша Күдебаев Серік Мырзақұлұлы қызметінен босатылып, ішкі істер органдарынан кетті", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Күдебаев 26 қаңтарда Алматы облысы бойынша ПД басшысы қызметінен кеткен болатын. Ол кезде Ішкі істер министрлігін Ерлан Тұрғымбаев басқарды, оның орнына 25 ақпанда Марат Ахметжанов тағайындалды. Министрлердің қайсысы Күдебаевты жұмыстан босатып, бұйрыққа қол қойғанын ведомство нақтылаған жоқ.

Сондай-ақ, біз Ішкі істер министрлігінен қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде Күдебаев қайда болғанын, оның осы оқиғалар кезіндегі тәртіп орнату жұмысын ведомство қалай бағалайтынын және оның Алматы облысы ПД ғимаратынан шығып кету фактісін тергеу туралы сұрадық. Алайда министрлік бұл сұрақтарды басқа мемлекеттік органға жолдауды сұрады.

"Қаңтар кезінде жасалған қылмыстар бойынша соталды тергеп-тексеру Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық жедел-тергеу тобының үйлестіруімен жүзеге асырылады", - деді ІІМ өкілдері.

Бұған дейін Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен Талдықорған полиция басшысы қызметінен босатылғаны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети