Қайрат Жұманов Алматы облысы Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол 1989 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін психология мамандығы бойынша, 2012 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика мамандығы бойынша, 2018 жылы Тұран университетін құқықтану мамандығы, 2021 жылы әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін іскерлік әкімшілендіру мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласындағы №105 гимназияның педагог-психологы болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы Білім басқармасының Бостандық аудандық білім бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарған.
2025 жылғы сәуірден бастап Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы болып еңбек етті.
Еске салайық, Алматыдағы Бағанашыл балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіруге қатысты жанжалдан кейін, 2025 жылғы 21 тамызда бұл қызметке Арайлым Төлеубекова тағайындалған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!