Алматы облысының жоғары лауазымды полицейінен қылмыстық іс бойынша жауап алынды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының жоғары лауазымды полицейінен қылмыстық іс бойынша жауап алынды

Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі Рустам Әбдірахмановтан қылмыстық іс бойынша жауап алынғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі Рустам Әбдірахмановтан қылмыстық іс бойынша жауап алынғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ-та Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізілгені туралы ақпарат тараған болатын.

Тінту кәсіпкерлерді бопсалады және рейдерлік шабуыл жасады деп күдікке ілінген Елдос Қоспаев тобына қатысты қылмыстық істі тергеу аясында жүргізілді деген болжам бар.

Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі бұл қылмыстық істі басқа құқық қорғау органы жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Осы іс аясында Рустам Әбдірахмановтан куәгер ретінде жауап алынды. Қазіргі уақытта Әбдірахманов ресми жұмыс істейді, қызметінен уақытша шеттетілген жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әбдірахманов бұл істің тергеуіне қатысты БАҚ -қа пікір білдіруден бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети