Алматы облысының полицейлері жүргізушілерге үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының полицейлері жүргізушілерге үндеу жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жыл басынан бері Алматы облысы Жамбыл ауданының полицейлері ЖҚЕ-нің 4000-нан астам заңбұзушылығының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері Алматы облысы Жамбыл ауданының полицейлері ЖҚЕ-нің 4000-нан астам заңбұзушылығының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары жол апаттарынан жарақаттанулардың алдын алуға және жол қозғалысын қадағалау тиімділігін күшейтуге бағытталған тұрақты іс-шаралар өткізеді.

"Жыл басынан бері аудан аумағында барлығы 86 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жүргізілген талдау көрсеткендей, негізгі себептер жылдамдық режимін бұзу және қарсы қозғалыс жолағына шығу болып табылады. Жарты жыл ішінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4210 жолын кесті", – деді Жамбыл аудандық полиция бөлімінде.

ЖКО-ның негізгі саны дәл осы жол қозғалысы ережелерін бұзғандықтан болатыны айтылды. Қала сыртындағы трассаларда жүк техникасы мен қалааралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлікке ерекше назар аударылады.

"Жол қозғалысына қатысушыларға жолдарда мұқият болуды, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Өйткені сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығы осыған байланысты", – деп толықтырды полиция қызметкерлері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети