Алматы облысының тұрғыны Армениядан 78 көлік әкелген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының тұрғыны Армениядан 78 көлік әкелген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ Қазақстанға ЕАЭО елдерінен жеткізілген көліктердің мәліметтеріне сараптама жүргізді. 475 қазақстандық 4152 автокөлік әкелген - оның әрқайсы бес не одан да көп көлік жеткізіп отырған.
"Көлік жеткізу бойынша Алматы облысының тұрғыны "көш бастап" тұр, ол Армениядан 78 автокөлікті өз атына аударып, жеткізген. Атырау облысының екі тұрғыны 43 және 40 автокөлік жеткізген. Бес көліктен аса Қазақстанға кіргізгендер арасында Атырау (2300 дана), Маңғыстау (468 дана), Ақтөбе (391 дана), Алматы (170 дана) және Түркістан (146 дана) облыстары бар.