04 мамыр 2017 15:08

Алматы облысының тұрғыны ауысып тұратын нөмірі үшін айыппұл төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны жүк көлігіндегі ауысып тұратын нөмірі үшін айыппұл төлейді. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылады.


Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны жүк көлігіндегі ауысып тұратын нөмірі үшін айыппұл төлейді. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылады.

Нөмірі ауысып тұратын көліктің видеосы жақында әлеуметтік желілерде пайда болған еді.

Полицейлердің мәліметінше, ҚР Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, талап етілген стандарттарға сай келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабына сәйкес ("Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу"), мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралдары белгіленген талаптарды бұзатын жағдайда оларға әкімшілік жаза - 5 айлық есептік көрсеткіш (11 345 теңге) көлемінде айыппұл салынады", - деді полицейлер.

Қалалық ІІД өкілдері құқық қорғау органдарының көлік иесін анықтауға қатысты және жүргізушіге қатысты әкімшілік жаза қолдануға қатысты шараларды ұйымдастырғанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети