Алматы облысының тұрғыны балық аулап отырғанда адам мәйітін тапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының тұрғыны балық аулап отырғанда адам мәйітін тапқан Сурет: pixabay.com

Алматы облысында жоғалған бозбала өлі күйде табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жоғалған бозбала өлі күйде табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қыркүйекте Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 45 жастағы тұрғыны "102" пультіне Шелек ауылынан үш шақырым жердегі көл жағасынан жігіттің жансыз денесін тапқаны туралы хабар жеткізген. Оқиға болған жерге барған жедел-тергеу тобы мәйіттің хабар-ошарсыз кеткен 17 жастағы Равиль Абумуслимовқа тиесілі екенін анықтады.

Ер адам балық аулау кезінде мәйітті тауып, дереу полицияға хабарлаған.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Равиль Абумуслимов биыл 30 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жоғалып кеткен болатын. Полицияға баланың туыстары жүгінген. Іздеу жұмыстарын уәкілетті органдар мен еріктілер белсенді түрде жүргізген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети