Алматы орталығының бір бөлігі жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алатау Жарық Компаниясы" жариялайтын қаладағы электрмен жабдықтау желілері бойынша апаттық жағдай картасына сәйкес, Төле би көшесі, Сейфуллин даңғылы, Құрманғазы, Байзақов көшелерінің аумағы жарықсыз қалды. Сондай-ақ Сейфуллин даңғылы, Қарасай батыр, Әйтеке би, Байтұрсынов көшелерінің маңында, Абылай хан даңғылы, Гоголь, Қарасай батыр, Әди Шәріпов көшелерінде электр жарығы жоқ.
azhk.kz сайтынан скриншот
"Алатау Жарық Компаниясы" 3 сәуірде сағат 09:15-те электр желілерінде технологиялық ақау болғанын хабарлады.
Соның салдарынан Алмалы ауданындағы Қабанбай батыр – Шағабутдинов – Досмұхамедов – Қазыбек би көшелері шегіндегі тұтынушыларды электрмен жабдықтау уақытша бұзылды.
Қазіргі уақытта жарықтың өшу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел-көшпелі бригада жұмыс істеп жатыр. Электр қуатын 2 сағат ішінде қалпына келтіру жоспарланып отыр.