18 наурыз 2021 | 13:26

Алматы орталығына зәулім үйлер емес, саябақтар қажет - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы орталығында көпқабатты үйлердің құрылысы мен қаланы көгалдандыру мәселесі туралы айтты. Мегаполисті одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы "қазіргі басшылар тарихқа жасыл желек және табиғат жауы ретінде ену қаупі бар" деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы орталығында көпқабатты үйлердің құрылысы мен қаланы көгалдандыру мәселесі туралы айтты. Мегаполисті одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы "қазіргі басшылар тарихқа жасыл желек және табиғат жауы ретінде ену қаупі бар" деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев Алматының экологиясын жақсарту үшін "жасыл алқапты" арттыру қажет екенін айтты. Бұл туралы бірнеше рет айтылды, бірақ мегаполис "жасыл, таза қаланың даңқын жоғалтты".

"Бұған біз өзіміз кінәліміз, сыртқы күштер мен олардың әсері болған жоқ, жауапкершілікті ысыра салатын ешкім жоқ.

Қазіргі басшылар тарихқа табиғат пен жасыл желектің жауы ретінде ену қаупін тудырады.

Қалаға орталықтағы зәлім үйлер емес (...), жақсы күтілген саябақтар, скверлер, жасыл көшелер қажет. Терренкур мен Тұңғыш Президент саябағынан басқа, қала тұрғындарының серуендейтін жері жоқ.

Біз қазірдің өзінде ағаштарды кескені үшін айыппұл санкциялары мөлшерін заңнамалық түрде ұлғайттық. Бірақ әлі де жалғасып жатыр. Кейбір шенеуніктердің күш-жігеріне қарамастан. Жақында мен әкімдік басқармасының бастығы Наталья Левинская мен алғыс білдірген жауапты азаматтар сұхбатын оқып шықтым. Дегенмен қаладағы жасыл желек азайып барады, мойындау керек", - деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, Алматы маңында толыққанды жасыл белдеу құру үшін жыл сайынғы көшет қажеттілігі 250 мың дана.

"Қаланы көгалдандыру мәселесінде науқанды қараусыз қалдыруға болмайды. Ғылыми көзқарас, кәсібилік, тұрғындардың жайлылығы және қаланың үйлесімді дамуы басты назарда болуы тиіс.

Біз Алматыға "жасыл қала" беделін қайтаруға міндеттіміз", - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Алматыны одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңес 17 наурызда өткен болатын. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети