1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы орталығында апат салдарынан жылу өшірілді 08 желтоқсан 2021, 16:29

Алматы орталығында апат салдарынан ыстық су мен жылу өшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Алматы орталығында апат салдарынан ыстық су мен жылу өшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін алматылықтар Медеу ауданындағы Төлебаев, Қарасай батыр және Қонаев көшелеріндегі үйлерде таңертеңнен бері ыстық судың жоқтығын хабарлаған болатын.

Қазыбек би - Қарасай батыр - Қонаев - Достық көшелері алаңындағы диаметрі 300 миллиметрлік құбырдың бүлінуін жою мақсатында "Алматы жылу желілері" ЖШС ыстық су мен жылу өшірілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар тобы бүлінген жерлерді жөндеп жатыр.

Бу шығарындылары және басқа да штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда азаматтардан тәулік бойы жұмыс істейтін +7 727 3780665 нөмірі немесе "АлТС" ЖШС авариялық-диспетчерлік қызметіне хабарласуды сұрайды +7 727 341 0777.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram