Алматы орталығында аурухана бірнеше сағат бойы жарықсыз қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматы орталығында аурухана бірнеше сағат бойы жарықсыз қалды Фото: pexels.com

Алматы орталығында аурухана мен бірнеше үй жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы орталығында аурухана мен бірнеше үй жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандар редакцияның WhatsApp-нөміріне Төле би көшесінде жарық екі жарым сағатқа өшірілгенін хабарлады. Көз аурулары институтында дәрігерлер науқастарды қабылдамай, адамдар кезекте тұрғаны айтылды.

АЖК баспасөз қызметі сағат 10:50-де 17 қосалқы станциясында апатты жағдайда жарық өшірілгені, қалпына келтіру жұмыстары басталғанын хабарлады. Сағат 13:30-да тұтынушылар ауыстырылып, электр қуаты қалпына келтірілді.

Жарнама
Жарнама

Гоголь-Желтоқсан-Байтұрсынов-Абай алаңындағы шаршысында жөндеу жұмыстары жалғасып жатқандықтан, апат себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама