Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы орталығында аурухана бірнеше сағат бойы жарықсыз қалды 18 қыркүйек 2023, 15:12

Алматы орталығында аурухана мен бірнеше үй жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: pexels.com Фото: pexels.com

Алматы орталығында аурухана мен бірнеше үй жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандар редакцияның WhatsApp-нөміріне Төле би көшесінде жарық екі жарым сағатқа өшірілгенін хабарлады. Көз аурулары институтында дәрігерлер науқастарды қабылдамай, адамдар кезекте тұрғаны айтылды.

АЖК баспасөз қызметі сағат 10:50-де 17 қосалқы станциясында апатты жағдайда жарық өшірілгені, қалпына келтіру жұмыстары басталғанын хабарлады. Сағат 13:30-да тұтынушылар ауыстырылып, электр қуаты қалпына келтірілді.

Гоголь-Желтоқсан-Байтұрсынов-Абай алаңындағы шаршысында жөндеу жұмыстары жалғасып жатқандықтан, апат себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram