30 маусым 2018 11:01

Алматы орталығында полицейлердің көлікті ұстаған сәті түсірілген видео Желіде тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматының орталығында автокөлікті ұстау сәті түсірілген видео Желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматының орталығында автокөлікті ұстау сәті түсірілген видео Желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео бүгін таңертең Мақатаев-Сейфуллин көшелерінің қиылысында түсірілген. Полицейлер "Нива" көлігін тоқтатты. Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған жерде криминалистер жүрген.

"Видео сағат 8.15-те түсірілді. Видео түсірілгенге дейін жарты сағат бұрын ол маңда арнайы сигналдармен жүрген көліктердің және дауыс зорайтқыштың дыбысы естілді. Мен көшеге шыққанда полицейлердің көліктері мен "Криминалдық полиция" деген жазуы бар автобус тұрды. Тоқтатылған көліктің артында полиция көлігі тұрды, ұсталғандар соған отырғызылуы мүмкін. Ниваның жанында үш-төрт ер адам болды, үстеріне қара киім киген, сол көлікте осы адамдар болған сияқты. Олардың жанында полицейлер тұрды. Бірақ криминалистер көліктің есігін тексеріп жатты, саусақ іздерін алған болуы керек", - деді оқиға куәгері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети