Алматы орталығында троллейбустар жаппай тоқтап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыдағы Абай даңғылында троллейбустар жаппай тоқтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Zanamiviehali Telegram-арнасында пайда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Абай даңғылында троллейбустар жаппай тоқтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Zanamiviehali Telegram-арнасында пайда болды.

Бір троллейбус дәл Абай мен Байтұрсынов қиылысында тоқтап қалған. Соның салдарынан Абай даңғылы бойында шығыс бағытта, Байтұрсынов көшесі алдында үлкен кептеліс пайда болды.

"Алматыэлектротранс" компаниясы мәліметінше, жолдың осы бөлігінде троллейбус желілеріндегі кернеу жоғалған.

Айта кетейік, Алматыда түннен бері толассыз жауған қар троллейбустардың жаппай тоқтауына себеп болуы мүмкін.

Тасымалдаушы қазір жағдай қалыпқа келтіріліп, троллейбустар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр деп сендірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети