Алматы орталығында заңсыз салынған құрылыс сүрілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы орталығында заңсыз салынған құрылыс сүрілді Фото: Сәулет-құрылыс басқармасы

Алматы орталығында заңсыз салынған құрылыс сүрілді. Қала тұрғыны нысанды ешқандай рұқсатсыз, өз қалауымен тұрғызған. Бұл туралы Қалалық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы орталығында заңсыз салынған құрылыс сүрілді. Қала тұрғыны нысанды ешқандай рұқсатсыз, өз қалауымен тұрғызған. Бұл туралы Қалалық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нысан Радостовец көшесінде орналасқан. Басқарма нысан инженерлік коммуникацияларда тұрғызылғанын хабарлады.

"Құрылыс көптеген нормаға сай келмейді. Сот талқылаулары барысында біздің талап арыздарымыз қанағаттандырылды. Нақты шешім шықаннан кейін нысанды бұзуға кірістік", - деді басқарма қызметкерлері.

Сондай-ақ, ведомстводағылар меншік иесін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы, 323-бабы және 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартқанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қарасай батыр мен Әйтиев көшелерінің қиылысындағы көлік жуу орны мен бірнеше коммерциялық үй-жайларды бұзу туралы хабарланған болатын.

Сондай-ақ, Алматыда Достық даңғылында орналасқан "Жан Плов Лагман" кафесі бұзылған. Ауданы 1000 шаршы метрден асатын заңсыз құрылыс сүріліп тасталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети