Алматы әкімдігі бұрынғы Түрксіб ауруханасының қараусыз қалған ғимараты бұрын кімге тиесілі болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімдігі бұрынғы Түрксіб ауруханасының қараусыз қалған ғимараты бұрын кімге тиесілі болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін материал жасап, ғимараттың қиын жағдайын көрсеткен едік. Ғимарат көп жыл бойы бос тұр. Осы уақыт ішінде бөлмелер жарамсыз болып, терезелері сынған, қабырғалары опырылған. Ғимараттың бір бөлігі өрттен зардап шеккен. Бір кездегі үлкен де жарық аурухананың ғимараты соңғы жылдары үйсіздердің баспанасына айналған.
Алматыдағы бұрынғы Түрксіб ауруханасының қазіргіжағдайы. Суретті түсірген: Әлихан Сариев.
Алматы Мемлекеттік активтер департаменті мәліметінше, нысанның иесі бұрын "Оқу-клиникалық орталық" ЖШС болған.
Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер тізілімі деректеріне сәйкес, бұл ЖШС бұрын "Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары" АҚ құрамында болған. Акционерлік қоғам қайта құрылғаннан кейін нысан республикалық меншікте болып, кейін қала балансына өткен.
"ЖШС жарғылық капиталына қатысудың 100 пайыздық үлесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 тамыздағы №505 қаулысы, ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2020 жылғы 11 тамыздағы №485 бұйрығы, Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі №3/343 қаулысы негізінде Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылданды", - Алматы Мемлекеттік активтер басқармасы хабарламасында.
Бұл ретте ведомство 2021 жылдың наурызынан бастап нысанның Алматыдағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген қала құрылысы және сәулет ескерткіші санатына енгізілгенін атап өтті.
"Серіктестіктің құрылтайшысы мемлекеттік орган болғанын назарға ала отырып, тиісінше Алматы қаласының коммуналдық меншігіне үлес (активтермен) өтеусіз негізде өтті", - деп толықтырды басқарма.
Нысан жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін "Алматы қалалық құрылыс басқармасы" КММ балансына берілді, ол аяқталғаннан кейін нысанда балаларды оңалту орталығы ашылады. Құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, мемлекеттік сараптаманың түсуін ескере отырып, жұмыстың басталуының болжамды мерзімі 2024 жылдың 1 тоқсаны.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!