28 қараша 2022 09:02

Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу полицейлері Алматы-Өскемен автожолындағы кейбір учаскелердің жабылғанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жетісу полицейлері Алматы-Өскемен автожолындағы кейбір учаскелердің жабылғанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Талдықорғаннан шығыс бағытта дизель отынын пайдаланатын автокөлік құралдары үшін қозғалыс шектелген.

Бұдан әрі 410-шақырымға дейін көлік қозғалысы барлық автокөлік түрлері үшін жабық.

"Сондай-ақ, температураның төмендеуі және екпінді жел Алакөл ауданы арқылы Абай облысына қарай өтетін учаскедегі автомобильдердің қозғалысын шектеуге мәжбүр етті", - дейді Жетiсу облысы Полиция департаменті Жол полициясы басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети