Алматы полицейлері жерасты өткелдерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатуына байланысты жолдардан қалай қауіпсіз өту керектігін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы полицейлері жерасты өткелдерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатуына байланысты жолдардан қалай қауіпсіз өту керектігін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, жаяу жүргіншілер жол қозғалысы реттелген аумақтарда жолды реттеп тұрған адам берген сигналға немесе бағдаршамның түсіне қарап жүруі тиіс.
"Жаяу жүргіншілер Гоголь - Абылай хан, Райымбек - Абылай хан, Абай - Абылай хана, Гоголь - Сейфуллин, Абай - Достық аумақтарында міндетті түрде көлік құралдарына арналған бағдаршамдарға қарауы керек. Сондай-ақ, Тимирязев көшесінде ҚазҰУ-ге қарама-қарсы жерде жаяу жүргіншілерге арналған уақытша жол жасалды", - делінген Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берілген жауапта.
Сондай-ақ, полиция өкілдері бөлу жолағы бар жерде және жол қоршауға алынған аумақтарды жолдан жүгіріп өтуге болмайтынын ескертті.
"Қонаев пен Райымбектің қиылысында да жаяу жүргіншілер жолындағы белгілерге қарап қозғалу керек. Ол белгі шығыс жақта - Сүйінбай мен Райымбек қиылысында. Ал Әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин аумағында Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарындағы жаяу жүргіншілер жолындағы белгілерге қарау қажет", - деп түсіндірді полицейлер.