Соңғы кездері қазақстандықтар полиция қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмай, сынның астына алып жүр. 5 қазанда Елбасы ішкі істер министрлігіндегілерге құқық қорғау жүйесі бәсең екенін ескертіп, модернизациялау керегін айтты. Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаев жаңа полиция стандарттарын бекітіп, мансаптық өсу жүйесін өзгертуді ұсынды.
Соңғы кездері қазақстандықтар полиция қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмай, сынның астына алып жүр. 5 қазанда Елбасы ішкі істер министрлігіндегілерге құқық қорғау жүйесі бәсең екенін ескертіп, модернизациялау керегін айтты. Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаев жаңа полиция стандарттарын бекітіп, мансаптық өсу жүйесін өзгертуді ұсынды.
Қазіргі полицейлер қалай жұмыс істейді, аудандық ішкі істер бөлім қабырғасында не жасырылғанын Tengrinews.kz тілшісі анықтап, Алматы ішкі істер органдарының қызметкерлерімен күні бойы бірге жүрді.
Жол-патрульдік полиция қызметкерлері күнде 3 ауысым бойынша жұмыс істейді. Олардың жұмыс уақыты: 8 күн жұмыс істеп, 2 күн демалады. Алматының әр ауданында шамамен, 12 патрульдік экипаж бар. Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері өзімен бірге міндетті түрде планшет пен чекті шығару үшін принтер алып жүруі керек екен. Планшет әкімшілік хаттама жазуы үшін әр мемлекеттік қызметкерге беріледі. Хаттама жазу үшін полицейдің шамамен 5 минуты кетеді. Кейін, ол жүргізушіге құжатты беру үшін принтерден чекті шығарады.
Одан бөлек, полиция қызметкерінде өзімен бірге оқ өтпейтін кеудеше, видеожетон, кеуде жетоны, рация мен тапанша міндетті түрде болуы керек.
Патрульдік автокөлікте стационарлық радиобекеті мен көліктің ішін түсіруге арналған камера бар.
Жол ережесін бұзған жүргізушілерді тоқтатқан кезде, жол-патрульдік полиция қызметкері оған өз құқығы туралы түсіндіріп беруі тиіс.
"Сіз заңгердің немесе заңның көмегіне мұқтаж болуыңыз мүмкін. Сондай-ақ, барлық материалмен танысуға құқығыңыз бар. Жол ережесін бұзды деген құжатпен келіспеуіңіз әдбен мүмкін. Сондықтан егер сіз келіспей жатсаңыз, 10 күн ішінде Алматының әкімшілік сотында бұл жағдайды айтып, шағымдана аласыз", дәл осылай полицейлер жүргізушіні тоқтатқан кезде айтуы керек.
Сондай-ақ, Tengrinews.kz тілшісіне Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратын іштей көруге мүмкіндік берілді.
Егер полицейлерге өтініш жазу керек болса, онда сіз күзет бөліміне барып, ұялы телефоныңызды қалдырып кетуіңіз керек. Кейін сіздің өтінішіңізді қабылдайтын кезекші тергеушіге баруыңыз керек.
Еске сала кетейік, осыған дейін Tengrinews.kz тілшісі грузиялық полиция қызметкерлері қалай жұмыс істейтінін көрсетуі үшін Тбилиссиге аттанған. Грузия елінің полициясы посткеңестік кеңістіктегі үлгілі жұмыскерлердің бірі болып саналатынын айта кету керек.