21 шілде 2014 | 12:55

Алматы полициясы 22 жастағы шымкенттік тұрғынды жыныстық құлдықтан босатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Алматы полициясы 22 жастағы шымкенттік тұрғынды жыныстық құлдықтан босатты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

 Алматы полициясы 22 жастағы шымкенттік тұрғынды жыныстық құлдықтан босатты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Айнабұлақ" шағынауданындағы үйлердің бірінде Т. есімді жеңгетай келіншекті 2 апта бойы қорқытып, жыныстық қатынаспен айналысуға мәжбүрлеп келген. "Алматыға оны Т. есімді әйел алдап шақыртқан. Кейін бар ақшасын, алтын бұйымдарын иемденіп, жыныстық құлдықта ұстаған. Айтқанына бағынбаған кездері денесін кескілеп, электр сымымен батареяға таңып тастайтын болған", - деп хабарлады Алматы полициясы.  

Осы уақыт аралығында жоғалып кеткен келіншекті ата-анасы, 2 баласы, туған-туыстары іздестіргенімен, хабарын біле алмаған. Қазір 22 жастағы әйел басынан өткен оқиға жөнінде түсініктеме беруде. "Жеңгетай уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оған қарсы ҚР ҚК бірнеше бабы: адамды бас бостандығынан айыру, еркінен тыс жезөкшелікке тарту, тонау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бұл келіншектің тепкісіне түскен тағы бір бойжеткен полицияға хабарласты", - деді қалалық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Танат Назанов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети