Алматы полициясы алаяқтар жазған хабарламаларды көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы алаяқтар жазған хабарламаларды көрсетті Фото: polisia.kz

Алматы полициясы алаяқтардың жалған хабарламаларын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы алаяқтардың жалған хабарламаларын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы Полиция департаменті жәбірленушінің "басшы" атынан жиі әрекет ететін алаяқтардың хат-хабарламалары бар фотоколлаж дайындады. Диалогта жалған бастық қарамағындағы қызметкеріне құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тексеру жұмыстары туралы айтып, талап қояды.

"Алматы полициясы, қазіргі уақытта, күдіктілер Whatsapp және Telegram мессенджерлерінде аккаунт ашып, аватарларына мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін қойып, кенеттен "ҚР ҰҚК-нен тексеріс" келіп жатыр деп, қол астындағы қызметкерлерге ақшаны жедел түрде әртүрлі үшінші тұлғалардың шоттарына жіберу қажеттігі туралы жазатын алаяқтық әрекеттері жиілеп кеткенін ескертеді. Өкінішке қарай, бұл тізбекті пайдаланып алдайтын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан азаматтардың алаяқтардың арандатушылықтарына бой алдырмай, мұндай хабарламалар келген кезде оқиға туралы бірінші кезекте өзінің тікелей басшысына хабарлауы өте маңызды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети