Алматы полициясы балта ұстаған белгісіз адамдардың видеосына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Әлеуметтік желілерде 2 маусымда Алматыдағы Маметова көшесінде бейтаныс адамдар маска киіп, балта және басқа да қарумен қаруланып, тұрғын үйге кірмек болды деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнебақылау камераларына түсіп қалған видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрда екі бейтаныс адамның бірі қолына балта ұстап тұрғаны көрінеді.

Tengrinews.kz тілшісінің сауалына Алматы Полиция департаменті жауап берді. Ведомство бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Аталған жайт бойынша полицияға ешқандай өтініш, арыз, шақыру немесе өзге де ресми дабыл түскен жоқ. Бұл ақпараттың шынайылығын растайтын нақты деректер тіркелмеді. Сонымен қатар, Алматы бойынша қосымша тексеру жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ, полицейлер тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети