07 наурыз 2023 | 10:38

Алматы полициясы "ЧВК "Редан" туралы ақпаратқа пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Baza ©Baza

Алматы полициясы демалыс күндері ұсталған жасөспірімдер туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы демалыс күндері ұсталған жасөспірімдер туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде "ЧВК "Редан" деп аталатын жасөспірімдер қалада төбелес ұйымдастыруды жоспарлап жатқаны туралы хабарлама пайда болып, полиция оларды ұстауға кіріскені де хабарланған еді.

Алматы полициясының баспасөз қызметі Алматыда жасөспірімдер ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Сонымен қатар, өткен демалыс күндері қалалық ювенал полиция қызметкерлерімен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілгенін айтты.

"4 наурызда сағат 17:30-да полицияға Бостандық ауданындағы сауда үйіне жастардың жиналып жатқаны туралы хабарлама түсті. Жасөспірімдермен заң бұзуға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзу болған жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, БАҚ "ЧВК "Редан" Hunter x Hunter анимесінің жасөспірім жанкүйерлерінің бейресми бірлестігі деп атады. Бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желілерде осындай атаумен топ пайда болған. Ақпанның аяғынан бастап "Редан" мүшелеріне басқа жасөспірімдер тобымен жаппай төбелеске қатысқаны үшін айып тағылды. Бейресми қауымдастық мүшелерінің өзі бұл айыптауларды жоққа шығарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети