Алматы полициясы жолдардағы қауіпті трендтер туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы жолдардағы қауіпті трендтер туралы айтты

Алматы полициясы жүргізушілер арасында жаңа қауіпті тренд пайда болғанын айтады. Олар қарама-қарсы жолаққа шығып, оны видеоға түсіріп, Желіде жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков арнайы бақылау тобының мұндай ережебұзушылықтарды анықтайтынын айтады.

Осындай видеолардың бірі таяуда Желіде пайда болды. Жүргізуші түнгі уақытта қарсы жолаққа шығып кетіп, видеоны Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

Оның айтуынша, соңғы кездері мұндай видеолар көп тарап жатыр. 

"Бірде бір жігіт Абай даңғылы мен Сейфуллиннің қиылысындағы қарсы жолаққа шығып кеткен. Оны таптық, куәлігін алып қойдық, видео өшірілді. Оларға айтқым келетіні - сіздерді байқамай қалады деп ойламаңыздар. Ереже бұзған адам міндетті түрде анықталып, жауапкершілікке тартылады", - деді Алмасбеков.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети