Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы полициясы күшейтілген қызмет түріне көшірілді. Осыған орай, ПД-ның басшысы Арыстанғани Заппаров Алматы гарнизонының бірыңғай саптүзеуін жүргізді.
"Қаладағы тәртіп пен азаматтардың амандығы полицияның қалай жұмыс істейтініне байланысты. Тәртіп сақшыларының қоғаммен тығыз байланыста болуы өте маңызды. Ал материалдық-техникалық база мен мемлекеттік әлеуметтік қолдау олардың оқиғалардан қалыспай, қылмысқа қарсы тұруына мүмкіндік береді. Мереке қарсаңында жеке құрамға зор денсаулық, бақыт, отбасылық амандық және заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күресте сарқылмас күш-қуат тілеймін", – деді Арыстанғани Заппаров.
Саптық тексеру барысында алдыңғы саптағы бөлімше қызметкерлерінің киім-кешектері, көліктердің жағдайы, техникалық жабдықтары тексерілді.
Сонымен қатар, қаладағы қоғамдық тәртіпті қорғауды күн сайын қолға алатын патрульдік полиция Полкінің, мамандандырылған батальонның жасақтары, учаскелік инспекторлар, ЖҚАЖ қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары командирлердің бағыт-бағдары мен нұсқауларын тыңдады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!