Алматы полициясы күшейтілген режимге ауыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы күшейтілген режимге ауыстырылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы полициясы қызметтің күшейтілген режиміне ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы қызметтің күшейтілген режиміне ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда қоғамдық тәртіпті 2 мыңнан аса полиция қызметкері қамтамасыз етеді. Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювенал полиция инспекторлары мен жедел бөлімшелер қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Сонымен қатар, тергеу және жедел топтар күшейтілді.

"Қаладағы жалпы білім беретін мектептер мен медициналық мекемелер жағдайына ерекше назар аударылды. Алматыда жедел және жол қозғалысы жағдайы тұрақты және бақылауда. Солтүстік-оңтүстік-шығыс-батыс бағыттарындағы жол қозғалысы автокөлік қозғалысының көбеюіне қарамастан, әдеттегідей бағдаршам көмегімен жүзеге асырылады.

Күрделі қозғалыс жағдайында қозғалыс реттеуге ауыстырылады. Жанармай құю бекеттері де бақылауға алынды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети