06 ақпан 2019 | 12:25

Алматы полициясы Ілияс Кардың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото бейнежазбадан алынды © фото бейнежазбадан алынды

Алматыда полиция өкілдері 2018 жылы желтоқсанда жол апатын жасаған Ілияс Кардың ісі туралы айтып берді. Болған жол апатынан үш адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі полиция департаментінің баспасөз өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда полиция өкілдері 2018 жылы желтоқсанда жол апатын жасаған Ілияс Кардың ісі туралы айтып берді. Болған жол апатынан үш адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі полиция департаментінің баспасөз өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қылмыстық істің тоқтатылғаны жайлы ақпарат жалған. Бұл қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Ол ұсталғаннан кейін әлі қамауда. Біз адамдардан тек ресми ақпарат көздерінен жарияланған жаңалыққа сенуді сұраймыз және жалған ақпараттың таралуына себепші болмаңыздар деп айтқымыз келеді", - дейді полицияның баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Құқыққорғаушылар БАҚ немесе басқа да желі арқылы таралған жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін мәлімдеді. Айта кетейік жол апаты 29 желтоқсанда болды. Сейфуллин және Абай даңғылдарының қиылысында Mercedes Gelandewagen мен Mitsubishi Galant соқтығысқан. Нәтижесінде жеңіл автокөлік қарсы бағытқа шығып кеткен. Кейін желіде жол апатының бейнежазбасы таралған. 

Еске салайық, 29 желтоқсанда болған бұл жол апатынан актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы Динара және жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапқан еді. Оқиға болған күннің ертесі жол-көлік оқиғасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеосы пайда болды. Видео кадрларына қарағанда, Mitsubishi Galant бағдаршамның жасыл түсі жанғанда Сейфуллин бойымен қозғалысты бастаған, осы сәтте Абайдың бойымен асқан жылдамдықпен келе жатқан Mercedes Gelandewagen оны соғып өткен. Жеңіл көлік соққыдан бірнеше метрге дейін ұшып кеткен. 

Mercedes Gelandewagen жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кеткен. Алайда 30 желтоқсанда оны полицейлер ұстаған. Кейін оның мас болғаны анықталды. Артынша жүргізушінің екі айға қамалғаны хабарланды. Оқиға болған күннің ертесі жол-көлік оқиғасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеосы таралған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети