Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденовке қатаң сөгіс жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденовке қатаң сөгіс жарияланды

Алматы қалалық полициясының басшысы Қанат Таймерденовке қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық полициясының басшысы Қанат Таймерденовке қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, ІІМ өкілдері 25 мамырда Алматыда блокбекетте болған қайғылы жағдайға зерттеу жүргізді.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовке қатаң сөгіс жарияланды.

"Әр басшы қоластындағы қызметкеріне жауап береді. Ол жеке құрамда тәртіп пен заң сақталуын қадағалауы керек. Бірақ бұл жұмыс Алматы қаласы полиция департаментінде дұрыс деңгейде атқарылмаған. Салдарынан біз бірден екі қызметкерімізден айырылдық, тағы бір қызметкеріміз жарақат алды. Бұл біз үшін, марқұмдардың жақындары мен туыстары үшін орны толмас қаза. Сондықтан осындай жағдайға жол берген басшыларға қатысты қажет шаралар қабылданды.

Енді ІІМ басшылығы полицейлерден қызметтік тәртіп қатаң сақталуын талап етеді, полиция қызметкерінің кез келген заң бұзушылығына баға береді. Жаңа талаптарда жұмыс істей алмайтын немесе жұмыс істегісі келмейтіндерді қызметтен алып тастайды", - деді министр Тұрғымбаев.

Мұның алдында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жүргізген қызметтік тексерістің қорытындысы бойынша басшылық қызметтегі 9 қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қолданылғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, үш шендінің қызметтен кеткені айтылды.

Еске салайық, 25 мамырда Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында, ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети