05 қазан 2022 | 10:58

Алматы прокуратурасы елге келген шетелдіктерге ескерту жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы прокуратурасы шетелдіктерге көші-қон заңнамасының нормаларын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы прокуратурасы шетелдіктерге көші-қон заңнамасының нормаларын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалау органы Қазақстанда жүрген шетелдік азаматтарға жүгініп, олардан сақтық шараларын сақтауды сұрады.

"Құрметті республикамыздың қонақтары! Шетелдік азаматтар легі артуына байланысты көші-қон заңнамасын түсіндіру қажеттілігі туындады. Осы кезеңде қонақтар арасында көрші мемлекеттің саналы азаматтарымен қатар, түсініксіз себептермен келген адамдардың да елге кіру қаупі бар. Сондықтан сіздерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Заңнамадағы бұл норма көші-қон процестерінің ықтимал теріс салдарын болдырмау үшін дәл қарастырылғанын есте сақтаңыз.

Құрметті қонақтар! Назарларыңызға ұсынамыз: ЕАЭО-ға мүше мемлекет азаматтарының болу мерзімі хабарлама болған жағдайда мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 90 күнтізбелік күннен кейін аяқталады", - деді прокурорлар.

Бұл нормаларды сақтамағаны үшін заңнамада ӘҚБтК-нің 517-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгені атап өтілді.

"Құрметті Алматы тұрғындары! "Көшіп келушілердің Қазақстанға келу және болу ережелеріне" сәйкес қабылдаушы тарап, яғни Қазақстан азаматтары және Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар иммигранттар туралы көшіп келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті.
 
Шетелдіктің келуі туралы хабарлама үш тәсілмен (электрон виза және көші-қон порталы арқылы, тікелей көші-қон қызметі бөліміне немесе E-Qonaq қосымшасы арқылы) берілуі мүмкін", - деп толықтырды қадағалау органы өкілдері.

Көрсетілген мерзімді бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғаларға 10-нан 20 АЕК-ке дейін, ал қайталап бұзғаны үшін - 30-дан 100 АЕК-ке дейін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бір АЕК 3063 теңгеге немесе 382 рубльге тең.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети