Алматы іргесіндегі "Алтын Орда" базарынан өзенге лас су келді - сенатор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы іргесіндегі "Алтын Орда" базарынан өзенге лас су келді - сенатор Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Парламент Сенатының депутаты Амангелді Төлемісов Премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдады. Ұсынысқа еліміздің су айдындарының ластануының көптеген деректері себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Сенатының депутаты Амангелді Төлемісов Премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдады. Ұсынысқа еліміздің су айдындарының ластануының көптеген деректері себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандарға сілтеме жасаған сенатор тазартылмаған судың өзен-көлдерге ағуының негізгі себептерінің бірін атады. Тәртіп бұзушылар арасында өнеркәсіптік кәсіпорындар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, химиялық заттарды пайдаланатын ауыл шаруашылығы құрылымдары және басқа да субъектілер бар.

"Алматыдағы "Алтын Орда" базарының аумағында былтыр "Altyn Orda Qaz Trade Ltd" ЖШС-ін тексеру барысында шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылған су тарту құрылғысы анықталған еді. Базарда арнайы суды өлшейтін аспаптары да жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мамандары Ақсай өзеніне лас судың жоғарыда аты аталған кәсіпкерлік орнынан шыққандығы анықталды. Елімізде мұндай нысандардың тағы көбеймесіне кім кепіл", - деп сұрады Төлемісов.

Мәселені шешу үшін парламентаралық бақылаушы органдардың жұмысын жүйелі түрде тексеру арқылы заңбұзушыларды анықтап, заңды түрде реттеуді ұсынды.

"Су ресурстары комитетінің және оның су ресурстарын реттеу мен пайдалану жөніндегі бассейндік инспекцияларының штаттық санын көбейту қажет. Жеке және заңды тұлғалардың су ресурстарын пайдаланудағы жауапкершілік деңгейін жаңадан арттыру жолын қарастырған жөн", - деп қорытындылады сенатор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети