Алматы іргесіндегі ауыл тұрғындары әкімді жақтап жиналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы іргесіндегі ауыл тұрғындары әкімді жақтап жиналды ©️ instagram/panfilovsky_okrug

Алматы облысы Талғар ауданындағы Панфилово ауылында жергілікті белсенділер ауыл әкімін қорғап, жиын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Талғар ауданындағы Панфилово ауылында жергілікті белсенділер ауыл әкімін қорғап, жиын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алаңдауға қоғам қайраткерінің арызынан кейін әкім жұмыстан шығарылмақ деген жұрт арасында тараған ақпарат себеп болған.

"Дулат Маратұлы Дауталиев келгеннен кейін ауылдарда жұмыс барысы қозғала бастады: асфальт төсеу, жарықтандыру, балалар алаңқайлары, мерекелер ұйымдастырылады... және т.б. Мысалы, өрт сөндіру депосының ашылуы. Қараусыз жануарларға арналған құрылыс. Дағдарыс орталығын ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Енді биылға жоспар құрылып жатқанда, биыл не істелетіні шешіліп жатқанда, мынадай жағдай... Әкім мен оның орынбасары бізбен үнемі байланыста, бірде-бір өтініштен бас тартқан жоқ, мәселені бірге шешуге тырысамыз, енді, бір адамның кесірінен бәрін жоққа шығарамыз ба?", – деп жазды ауыл тұрғындары.

Жиынға келген Талғар ауданы әкімінің орынбасары жиналғандарды "әкімнің жұмысына жаппай шағым жоқ екенін және ол қазіргі уақытта орнынан алынғалы жатпағанын, жоғарыдағы әкімдердің бұған құқығы жоқ" екенін айтып, сендірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети