Алматы іргесіндегі ауыл тұрғындары аяздан кейін сусыз қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы іргесіндегі екі ауылдың тұрғындары аяздан кейін сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы іргесіндегі екі ауылдың тұрғындары аяздан кейін сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандар редакцияға Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс және Қырғауылды ауылдарында құбырлар қатып қалғандықтан үш күннен бері су жоқ екенін мәлімдеді. Айтуларынша жұмысшылар су беруді әлі қалпына келтіре алмаған.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ауылдарға су берілгенін хабарлады.

"Елді мекендерге су тарту маңайындағы өзеннен лай су, ұсақ мұз бен қар аға бастағанда коммуналдық қызмет дер кезінде әрекет етпей, құбырлар қатып қалды. Осыған орай, кінәлілер жауапқа тартылады. Сондай-ақ, құбыр ерітіліп, диаметрі 159 миллиметр болатын жаңа құбыр өткізілгенін хабарлаймыз. Су елді мекендерге берілді", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігі кейбір үй ішіндегі құбырлардың қатып үлгергенін атап өтті. Ауылдарда тұрғындардың өтініштерін орындайтын бригадалар жұмыс істеп жатыр.

Сынған құбырлар туралы +7 727 307 0026 нөміріне хабарлауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети