Алматы іргесіндегі ауылдан жануарлар өлексесі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы іргесіндегі ауылдан жануарлар өлексесі табылды Видео кадры

Алматы облысы Талғар ауданы Төңкеріс ауылында ірі қара және ұсақ мал өлексесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Талғар ауданы Төңкеріс ауылында ірі қара және ұсақ мал өлексесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талғар ауданындағы ауыл шетінде түсірілген видео жергілікті Instagram-парақшасында жарияланған. Кадр сыртындағы ер адамның айтуынша, ол зират маңында қоқыс үйіндісін, одан жануарлар қалдығын тапқан.

"Бұл жерде демалу мүмкін емес, көріп тұрғандарыңыздай, тіпті сиыр жатыр. Жақын жерде зират бар, ал мында қоқыс жатыр", - дейді видео авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Талгар ▪️ Талгарский район (@kris_p_talgar_2)

Ауыл әкімінің айтуынша, қалдықтарды Талғар ауданы Қарабұлақ ауылынан жергілікті компания шығарған.

"Видео Панфилов ауылдық округінің Төңкеріс ауылында түсірілді. Олар біздің аумақтан осы орынды тауып, қалдықты қалдырған. Бұл оқиға "Бадыр хан" ЖК-ға байланысты. Әкімдік пен аудандық полиция бөлімі қазір тексеру жұмыстарын бастап кетті. Сол жерде мамандар жұмыс істеді. ҚР заңнамасына сәйкес барлық қажетті шара қабылданады. Ешкім көрмеуі үшін қоқыс түнде шығарылған. Оқиға орнынан түсіріген фото, видеоны экология департаментіне хат пен материалдарды жібердім. Ведомство мал дәрігерлерімен бірлесіп тексеруді бастап кетті", - деді Панфилов ауылдық округінің әкімі Серік Шалов.

Әкімнің айтуынша, олар ауыл шетіндегі барлық қоқысты шығаруға кірісіп кеткен. Бұл "кінәлі компания" есебінен жасалады. Рұқсатсыз қоқыс шығарғаны үшін енді оларға 300 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети