15 қаңтар 2024 14:12

Алматы іргесіндегі даулы "Алтын орда" базарын тәртіпке келтіру жайлы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы облысында "Алтын орда" базары цифрландырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.


Алматы облысында "Алтын орда" базары цифрландырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Былтыр желтоқсаннан бастап базар аумағының 6 кіреберісінде QR-кодтары бар автоматты шлагбаумдар мен кіру ақысын төлеу үшін павильондарда 6 POS-терминал орнатылған.

Сонымен қатар, "Алтын Орда" базарын цифрландыру бойынша altynordaresmi.kz ақпараттық веб-сайты іске қосылған, онда азаматтарға қолжетімді сауда орындарының саны, олардың алаңы, жалдау құны туралы ақпаратты, сондай-ақ жалдау (пайдалану) шартының талаптары, оны бұзу тәртібі мен негіздері туралы ақпарат қамтылған.

Базар басшылығы тарапынан кері байланыс алу үшін онлайн-шағым беру және ұсыныс енгізу мүмкіндігі енгізілді. Бұл шаралар базар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайту үшін қабылданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.14   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети