Алматы іргесіндегі су қоймасы жекеменшіктен мемлекетке қайтарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы іргесіндегі су қоймасы жекеменшіктен мемлекетке қайтарылды Фото:depositphotos.com

Алматы облысында сот 2024 жылдың наурызында бөгеті жарылған "Ворошиловское" су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында сот 2024 жылдың наурызында бөгеті жарылған "Ворошиловское" су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

2017 жылы "Ворошиловское" су қоймасы 49 жылға сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға (СБ) жеке кәсіпкерге (ЖК) берілген. 2021 жылы ЖК қайтыс болғаннан кейін су қоймасын басқару құқығы қосымша келісім негізінде мұрагер ретінде оның жесіріне өткен.

Алайда, СБ келісімі мен бизнес-жоспар талаптарының нашар орындалуы, тиісті бақылаудың болмауы және тиімсіз басқару салдарынан 2024 жылы су қоймасының бас бөгеті жарылып, мемлекет меншігіне едәуір шығын әкелді. Үлкен аумақтар суарусыз қалды.

Соттың ұстанымы

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты істі қарап, АК-тің 891-бабына сілтеме жасап, оған сәйкес сенімгерлікпен басқарушының қайтыс болуы онымен жасалған сенімгерлік басқару шартын бұзуға негіз болып табылатынына келісті.

Осылайша, 2021 жылғы қосымша келісім материалдық құқық талаптарына қайшы келеді. Сенімгер қайтыс болғаннан кейін басқарма жаңа конкурс жариялап, конкурс жеңімпазымен СБ-мен сенімгерлік шарт жасасуы керек болған.

Сот шешімі

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, талап қою ішінара қанағаттандырылып, шешім
қабылданды:

  • 2017 жылғы сенімгерлікпен басқару шарты жеке кәсіпкердің қайтыс болуына байланысты бұзылды деп танылсын;
  • 2021 жылғы қосымша келісім жарамсыз деп танылсын;
  • су қоймасына қатысты жесірге берілген мұрагерлік құқығы туралы куәлік жарамсыз деп танылсын.

Сот жесір әйелді су қоймасын коммуналдық меншікке қайтаруды міндеттеді. Осылайша, мемлекеттік меншікке құқықтарды заңсыз беру бөлігінде мемлекеттің заңды мүдделері қалпына келтірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети