15 шілде 2022 | 18:18

Алматы саябақтарында жалға алынған электрсамокаттармен жүруге тыйым салынады

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сәриев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сәриев

Алматы әкімдігі мен электрсамокаттарды жалға беретін компаниялар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі мен электрсамокаттарды жалға беретін компаниялар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда өткен брифингте Алматы Қалалық мобильдік басқарма басшысының орынбасары Мырзағұлов Сымбат пен жалға беруші компания өкілдері қала бойынша жалға берілетін самокаттардың қозғалысын реттеу жөніндегі бірлескен меморандум туралы айтты. Әкімдік өкілдері мәліметінше, бүгінде қалада 15 000 жалға берілетін самокат бар, оларды төрт оператор-компания тұтынушыларға ұсынады. Жалға алынған электрсамокаттармен тәулігіне 100 000 саяхат жасалады.

Мобильдік басқармасының өкілі тұрғындар самокаттың жоғары жылдамдығына, жаяу жүргіншілерге арналған аумақтармен жүруге және жолдарда бейберекет тұратынына шағымданатынын атап өтті.

"Осыны ескере отырып, әкімдіктер мен компаниялар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында жаяу жүргіншілерге арналған көшелерді, саябақтарды және іс-шаралар өтетін қоғамдық орындарды электрсамокаттарының жүру аймағынан шығару жоспарланып отыр. Электрсамокаттар жылдамдығы қалада сағатына 25 шақырым болып белгіленген. Оларды жалға алу тек 16 жастан асқан адамдарға рұқсат етіледі", – деді басқарма басшысы орынбасары Сымбат Мырзағұлов.

Өз кезегінде әкімдік жыл соңына дейін үш мыңға жуық электрсамокаттарды қоятын орын беруді жоспарлап отыр.

Ozim ЖШС директоры Асылбек Есенов тұтынушыларға самокатты дұрыс қалдырғаны үшін бонустар мен айыппұлдар енгізуді жоспарлап отырғандарын айтты. Егер пайдаланушылар самокатты виртуал тұраққа қалдырса, бонустар алады, ал егер оны кез келген жерде қалдырса, айыппұл салынады.

Сондай-ақ, жалға берілетін самокат бағдарламасы көмегімен қаланың белгілі бір аймақтары шектеледі. Қазірдің өзінде Тұңғыш Президент саябағында самокатпен жүруге шектеу қойылған. Болашақта 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта, Орталық мәдениет және демалыс саябағында самокатпен жүруді шектеп, бірте-бірте басқа аумақтарды, соның ішінде Жібек жолы мен Панфилов көшелерін қосу көзделіп отыр.

Еске салайық, шілденің басында ҚР СТ 3769-2022 жаңа стандартында электрскутерлер ережесі белгіленген болатын.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети