"Алматы спецтехпаркинг сервис" басшысын қамауда ұстау мерзімі ұзарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы спецтехпаркинг сервис" басшысын қамауда ұстау мерзімі ұзарды Видеодан алынған кадр

Алматы соты "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры Марат Пірінбековті қамауда ұстау мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы соты "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры Марат Пірінбековті қамауда ұстау мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметі Пірінбеков осы жылдың шілдесінің ортасына дейін қамауда болатынын хабарлады.

"Алматы тергеу сотының 14 маусымдағы қаулысымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау мерзімін 3 айға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Марат Пірінбеков бұған дейін "Алматы спецтехпаркинг сервис" компаниясының директоры лауазымын атқарып келді. Ол 18 сәуірде қамауға алынды.

Оған дейін 14 сәуірде Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Кейін A-Parking жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталды.

Almaty parking басшыларының ұсталуы: автотұрақтар ақысын төлеу керек пе?

Былтыр желтоқсанда Қайрат Боранбаев иелік ететін RR2 компаниясы Alan Parking фирмасынан 30 пайыз үлес сатып алған. Бұған дейін ақылы автотұрақтардың операторы мемлекетке тиесілі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети