24 тамыз 2021 | 09:26

Алматы студенттері жалға берілетін пәтер күрт қымбаттағанына шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Студенттер Алматыда жалдамалы пәтер бағасы күрт өскеніне шағымданды. Орташа алғанда, жалға берілетін пәтер бағасы 30 мың теңгеге қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Студенттер Алматыда жалдамалы пәтер бағасы күрт өскеніне шағымданды. Орташа алғанда, жалға берілетін пәтер бағасы 30 мың теңгеге қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақ ұлттық университетінің 4-курс студенті Бахтияр Ілиясов Алматыда жалдамалы пәтер табу мүмкін емес екенін айтып шағымданды. Оның айтуынша, биыл барлық студент дәстүрлі білім алу форматына оралды, сондықтан оның тобындағы студенттің бәрі қалаға қайтады. Бірақ олардың ешқайсы баспана таба алмай отыр.

"Біз пәтер іздедік, бірақ нәтиже болмады. Арзан үйді тауып, қоңырау шалсақ, пәтер өтіп кеткенін айтады. Бір бөлмелі пәтер қазір 120-180 мың теңге тұрады, бұрын 30-50 мың теңге арзан болған еді. Жатақхана бізді қабылдамайды, өйткені бірінші курс студенттеріне басымдық беріледі. Біз не істерімізді білмейміз", -деді ол.

Ақтөбелік 4 курс студенті Дәулет Рахметалин 29 тамызға Алматыға билет алған. Ол да пәтер таба алмағандықтан, тіпті қайда барарын білмейтінін айтты. 

"Мен бір апта бұрын пәтер іздей бастадым. Бірақ бір апта ішінде ештеңе таппадым: не бағасы жоғары, не студенттерге жалға бермейді. Достарымның арасында тек қыздар пәтер жалдай алды. Ал, ұлдар лас және шулы болады еген оймен пәтер бергісі келмейді. Басқа шара жоқ, қымбат болса да келісуге тура келеді", - деп қосты ол.

Жылжымайтын мүлік жөніндегі маман Екатерина Хегай Алматыда жалға берілетін пәтерлер қымбаттап кеткенін растады. Бұл сұраныстың күрт өсуіне байланысты, деді ол. Оның үстіне ұсынысқа қарағанда сұраныс көп.

"Жазда 100-120 мың теңгеге жалға берілетін бір бөлмелі пәтер табуға болатын еді, бірақ қазір бұл пәтерлер 150 мыңнан және одан да жоғары. Ұсыныс аз. Пәтер иелері де бағаны негізсіз көтерді", - деді ол.

Маман алаяқтардың да белсенділігі артқанын ескертті. Олар пәтер қала сыртында екенін айтып, келісу үшін алдын ала ақша сұрайды. Кейін хабарсыз кетеді.

Бұл арада риэлтор сату нарығындағы жағдай мүлде басқаша екенін айтады. Қыс мезгілімен салыстырғанда, қазір үй бағасы төмендеген.

"Қыс пен көктемде БЖЗҚ бағдарламасы арқасында сатылым көтеріліп кетті. Сұраныстың жоғары болуына байланысты баға өсе бастады. Мысалы, 9 қабатты үйдегі үш бөлмелі пәтерлерді алайық, 74 шаршы метр, қыста баға 45 миллион теңгеге деейін жетті. Қазір баға 34-40 миллион теңгеге дейін өзгереді. Бірақ менің ойымша, күзде баға тағы өсуі мүмкін", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети