28 қараша 2019 | 10:45

Алматы - Ташкент тасжолында тұрып қалған автобустың 26 жолаушысы құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы - Ташкент тасжолында тұрып қалған автобустағы 26 адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы - Ташкент тасжолында тұрып қалған автобустағы 26 адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға Жамбыл облысы Қордай ауданында болған. Салонында 45 адамы (оның ішінде бесеуі бала) бар Yutong маркалы автобус Шымкент - Алматы бағытында кетіп бара жатқан. Техникалық ақауларға байланысты көлік осы тасжолдың 240-шақырымында тұрып қалған. 

"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен полицейлер 26 адамды (оның ішінде бесеуі бала) Қордай автовокзалына эвакуациялады. Сосын микроавтобуспен олар Алматыға жөнелтілді. Қалған 19 жолаушы эвакуациялаудан бас тартып, өздігінен жол-жөнекей кетіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, мініп кеткен", - делінген ТЖК баспасөз қызметі. 

Комитет мәліметінше, барлық жолаушылар - Қазақстан азаматтары. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети