20 шілде 2020 10:33

Алматы тауларында аю туристерді қорқытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Іле Алатау тауларында құтқарушылар аюмен кездескен туристерді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Республикалық жедел құтқару бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Іле Алатау тауларында құтқарушылар аюмен кездескен туристерді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Республикалық жедел құтқару бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Достар Алма-Арасан шатқалына серуенге шығып, тікұшақ алаңына жетіп, лагерь құруды ұйғарады. Таулардың салқын ауа райынан ләззат алған туристер кешке қарай қайтуға шешім қабылдаған, себебі жол оңай болған. Достар кеш батқан соң үйіне жинала бастаған, сол кезде өздерінен бірнеше метр жерден жыртқыш аңның даусын естиді. Оны аю деп есептеп, туристер шатырға тығылып қалған", - деді ҚР ІІМ ТЖК РЖҚБ баспасөз қызметіндегілер.

Туристердің айтуынша, аң лагерьде жүріп, ырылдаған дауыс шығарған. Алайда жыртқыш аң кетіп қалған, туристер шатырдан шығуға қорқып, құтқарушыларды шақырған. Құтқарушылар оқиғаға орнына жарты сағаттан соң жеткен. Лагерь маңында аю болмаған. 

"Қыздардың біреуі қатты қорқып қалған, екіншісі жүрек аймағы ауырып тұрғанын айтты. Сол жерде құтқарушы-дәрігер екеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетті. Осыдан кейін жедел топ зардап шеккендермен бірге таудан түсті", - деді құтқарушылар.

Жолға жеткен соң құтқарушылар туристерді полиция қызметкерлеріне тапсырған. 

Айта кетейік, карантин кезінде тауға баратын тұрғындар саны азайған, сондықтан жыртқыш аңдар қалаға жақын маңға дейін түскен. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети