Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді Фото: instagram.com/almatizmy

Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде гүл суреттерін бөлісе бастады. Алғашқы бәйшешектерді Іле Алатауының төменгі жоталарынан көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде гүл суреттерін бөлісе бастады. Алғашқы бәйшешектерді Іле Алатауының төменгі жоталарынан көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы маңындағы алғашқы бәйшешектің суреті Аlmatizmy парақшасында жарияланды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Городской дневник (@almatizmy)

"Әр қалада немесе аймақта бәйшешекті басқаша атайтынын байқадыңыз ба? Ресейде - галантус, Қазақстанның солтүстігінде - құндызшөп, ал бізде - Алатау запырангүлі. Барлығы қисынды: олар бірінші болып қар астынан шығады.

Алатау запырангүлі Қызыл кітапқа енген. Бірақ, өкінішке қарай, олар көп мөлшерде жойылып жатыр. Бұл гүлдерді жұлуға болмайды. Қызыл кітапқа енген өсімдікті жойғаны үшін үлкен айыппұл салынады, тіпті үш жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген", - деп жазады Almatizmy авторлары.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Алатау запырангүлінің ашылуын Іле Алатау жотасының төменгі белдеуінен көруге болатынын айтты.

"Солтүстік Тянь-Шань жоталарында, Іле Алатауын қоса алғанда бәйшешек әдетте ақпанның соңында, 20-сына қарай гүлдей бастайды. Биыл олар сәл ертерек гүлдеп жатыр, себебі қазір осы кезең үшін ауа райы тым жылы. Бірақ бұл нормадан ауытқыған құбылыс емес", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty Today (@almaty.today)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети