18 қаңтар 2024 14:10

Алматы тауларында блокбекеттер қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Синоптиктер ескерту жариялады - Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер ескерту жариялады - Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті қаңтарда қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүру қаупі бар екенін мәлімдеді.

"Қар көшкіні қаупі бар аймаққа кіруді шектеу бойынша, демалушылар мен туристердің өтуін шектеу үшін қар көшкіні қаупі бар учаскелерге автокөліктердің өтуіне ПД қатарынан блокбекеттер қойылды: Кіші Алматы өзені бассейнінде (Эдельвейс", "Шымбұлақ" ТШК жоғары), Үлкен Алматы өзені бассейнінде ("Аюсай" бөгетінен жоғары)", - деп хабарлайды Алматы ТЖД.

Қар көшкіні кезеңінің басталғаннан бері жолдардың бұрын жабылған учаскелерінде және жету қиын жерлерде жалпы көлемі шамамен 27 мың текше метр болатын 23-тен аса өздігінен қар көшкінінің түсу жағдайы болды. Көшкіннің басым бөлігі өту қиын аймақтарда болып, тау беткейлерінде тоқтаған, зардап шеккендер жоқ.

Алматы ТЖД

Өз кезегінде қар көшкінін алдын алу үш рет жүргізілген, жарылғыш әдіспен жеті мың текше метрден аса қар массасы шығарылды.

"ТЖД және "Қазселденқорғау" алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына "Қазгидромет" РМК-ның жауын-шашын туралы болжамына байланысты таяу күндері тауға шығудан бас тартуға кеңес береді!" - деп ескертті құтқарушылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети